«Vektor Shipping Co» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - кәсіби халықаралық автомобиль көлігімен жүк тасымалдаушы.
Біздің компаниянымыздың міндетті қызметі - автомобиль көлігі құралымен Еуроодақ, ЕАЭО, Қытай елдерінен/еліне Қазақстаннан - Қазақстанға жүктерді жеткізу.
Әр күн сайын біз халықаралық сауда, индустриялық және гуманитарлық жобаларын іске асырып жатырған компанияларға автокөлік қызметін көрсетіп келеміз.
«Vektor Shipping Co» компаниясының Қазақстан Республикасында, жүк автокөліктерінің өз паркі бар. Жүктерді тентті жартылай тіркемелермен, ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арналған стандартты және аласа жақтаулы тіркемелерімен тасымалдауға автомобиль көлігі қызметін ұсынады.
Компанияның өзінің жүк автокөліктерін жөндеуге, даярлауға техникалық қызметі бар, бұл тиісінше автопаркке заманға сай озық болуына, қауіпсіз, сенімді болуына кепіл береді.
Vektor компаниясының кеңселері Польша, Беларусь және Ресейде орналасқан. Қызмет пайдаланушыларға Варшава қаласы маңында Vektor Polska қойма кещені барлық жүк түрлерін шоғырландыруға және өңдеуге, тексеруге, қайта жинақтауға терминал қызметін ұсынады.
Қызмет пайдаланушылардың талабы мен нұсқауларына сәйкес компания брокерлері кедендік және құжаттық документтерін толтырады.
Қызмет көрсету шеңберінде, қауіпсіздік талабын сақтау міндетті шарт болып есептеледі.
Жүк тасымалы кезінде «Vektor Shipping Co» компаниясы халықаралық ережеге сай, әр жүктің СМR полисімен қамтамасыз етілуіне, сақтандырылуына, тұтастығына - өз жауапкершілігіне алады.
Әр автомобиль көлігі үзіліссіз байланыспен қамтылған және спутниктік жүйесімен 24/7 мониторинг бақылауында.
Компания қызметкерлері - көлік саласындағы білікті мамандар, жылдар бойы Еуропа мен Азия жолдарында жүрген жауапты кәсіпқой авто көлік жүргізушілері.